PDF (Ру)

Кілтті сөздер

мемлекеттік саясат, кәсіпкерлікті дамыту, тиімділікті бағалау, шағын және орта бизнес, халықаралық тәжірибе, кәсіпкерлік экожүйе, тиімділік индикаторлары, мониторинг және бағалау, институционалдық тәсіл

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нурланова, М. (2025). Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалаудың әдіснамалық тұрғылары: салыстырмалы талдау және Қазақстан үшін қорытындылары. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 69(4), 173–188. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-173-188

Аңдатпа

Мақалада кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалаудың теориялық-әдіснамалық негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - дамыған және өтпелі экономикаларда қолданылатын негізгі бағалау шеңберлері мен көрсеткіштерін айқындап, оларды Қазақстан жағдайында бейімдеу талаптарын негіздеу. Әдіснамалық базаға институционалдық, жүйелік және кәсіпкерлік экожүйе тұрғылары, сондай-ақ нəтижеге бағдарланған басқару логикасы (input-output-outcome-impact) кіреді. Салыстырмалы және институционалдық талдау, бағдарламалық және нормативтік құжаттарға контент-талдау әдістері қолданылған. ОЭСР елдерінің тәжірибесі негізінде сандық және сапалық индикаторларды үйлестіретін, бағалауды мемлекеттік басқару цикліне кіріктіретін және оның нәтижелерін қолдау құралдарын түзету үшін пайдаланатын модельдер жинақталған. Зерттеудің ғылыми жаңалығы - мемлекеттік саясатты бағалауды кәсіпкерлік экожүйе призмасы арқылы жүйелеу және Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың тиімділігін мониторингтеу мен бағалаудың ұлттық тұжырымдамалық қаңқасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар беру.
https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-173-188
PDF (Ру)