PDF

Кілтті сөздер

экономика, туризм, сала, инвестиция, жоба

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Шохан Р. (2025). Туризм саласындағы инвестициялық қызметті талдау. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 67(2), 75–87. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-75-87

Аңдатпа

Бұл жұмыстың мақсаты - туризм саласын дамытуға бағытталған инвестициялық қызметтің қазіргі жай-күйін талдау.

Жұмыстың негізгі бөлігінде туристік-рекреациялық әлеуеті жоғары туристік дестинацияларда жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қатысты сұрақтар қарастырылады. Инфрақұрылымды, экотуризмді, емдік-сауықтыру және курорттық аумақтарды дамытуға назар аудара отырып, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан ағымдағы және перспективалық инвестициялық жобаларға талдау жасалады. Сонымен қатар, туристік салаға ішкі және сыртқы инвестицияны тартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына назар аударылады. Қолайлы инвестициялық ахуалды құруға ықпал ететін салықтық жеңілдіктер, оңайлатылған әкімшілік рәсімдер мен субсидиялар сияқты инвестициялық преференцияларды берудің қолданыстағы тетіктері талданады және құқықтық актілерге назар аударылады.

Қазақстан Республикасындағы туристік саланы дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында қарастырылған саланы дамытудың негізгі қағидаттарына және тәсілдеріне тоқталған.  Отандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы жоғары, сондай-ақ саланың ұзақ мерзімді перспективада тұрақты даму мүмкіндігі бар туристік дестинациялардың әлеуетіне назар аударылған.

Зерттеу барысында ғылыми жалпылау, жүйелеу, талдау және салыстыру сынды әдістер қолданыс тапты. Зерттеу нәтижелері туризм саласына инвестиция бағыттауға және тартуға бағытталған іс-шараларды жетілдіруге негіз бола алады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-75-87
PDF