PDF

Кілтті сөздер

экономикалық өсу
ғылыми-техникалық прогресс
еңбек
капитал
инвестиция
экономикалық даму
экономикалық өсу факторлары

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сырбек, П., Сағынбаева , А., & Андабаева , Г. (2023). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 60(3), 98–110. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-60-3-98-110

Аңдатпа

Экономикалық өсу – барлық елдердің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі. Оның динамикасы бойынша ұлттық экономиканың дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, ресурстардың шектеулілігі мәселесі қалай шешілетіні бағаланады. Экономикалық өсу кез-келген экономикалық жүйелердегі қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады. Ұлттың экономикалық дамуы мен әлеуметтік өркендеуіне мүдделі мемлекеттер өсудің тікелей және жанама факторларын пайдалану қарқынын жеделдетуге және жандандыруға бағытталған арнайы бағдарламалар әзірлейді, стратегиялар қалыптастырады.

Бұл мақалада экономикалық өсудің алғышарттары мен шектеулері, экономикалық өсу факторлары жүйесін іске асыру алгоритмі жасалынды. 2017-2021 жылдар аралығында Қазақстан экономикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері талданды. ҚР экономикалық өсудің негізгі факторларының (ҒЗТКЖ ішкі шығындар, импорт, экспорт, жұмыссыздық деңгейі, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы, негізгі капиталға салынған инвестициялар, ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің, өңдеу өнеркәсібінің, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индекстері) ЖІӨ-не әсерін бағалау үшін корреляция-регрессиялық талдау жүргізілді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-60-3-98-110
PDF