PDF (Ру)

Кілтті сөздер

мемлекеттік басқару
аудит
геологиялық барлау
мемлекеттік қаржыландыру
халықаралық тәжірибе
Қазақстан
тиімділік
жер қойнауын пайдалану

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Карыбаев, А. (2025). Геологиялық зерттеулер саласындағы мемлекеттік басқару: халықаралық тәжірибе және Қазақстан үшін перспективалар. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 69(4), 240–251. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-240-251

Аңдатпа

Мақалада геологиялық барлау жұмыстарын мемлекеттік басқару және қаржыландыру тетіктері халықаралық тәжірибе тұрғысынан қарастырылып, олардың Қазақстан жағдайында қолданылу мүмкіндігі талданады. Назар мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігі мәселелеріне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануды реттейтін орнықты институттарды қалыптастыру қажеттілігіне аударылған. Геологиялық барлауға мемлекеттің қатысуы ақпараттық және құқықтық инфрақұрылымды құруға, кәсіпкерлік тәуекелдерді төмендетуге және жеке капиталды тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс екендігі көрсетілген. Канада, Австралия, Чили, АҚШ, ЕО және Қытай тәжірибелерін талдау негізінде жер қойнауын барлау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдалды. Олардың қатарында мемлекеттік бағдарламаларды аудиттен өткізу, цифрлық сервистерді енгізу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту бар.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-240-251
PDF (Ру)