Аңдатпа
Цифрландырылған ұлттық экономикалар жағдайында және елдердің бәсекеге қабілеттілігі адам капиталының сапасына тәуелділігі артқан сайын, дәстүрлі бағалау модельдерінен (мысалы, HDI) неғұрлым икемді әрі құрылымдық бейімделген тәсілдерге көшу қажеттілігі туындайды. Осы мақалада дәстүрлі әлеуметтік-экономикалық индикаторларды, цифрлық трансформация метрикаларын (DTI) және тұрақты даму көрсеткіштерін (SDI) біріктіретін адам капиталын бағалаудың интегралды моделі – Composite Development Index (CDI) әзірленіп, сынақтан өткізілді. CDI моделі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне бейімделіп, өңірлік спецификаны ескереді. Эмпирикалық талдау аясында Қазақстан Республикасының 20 өңірі бойынша CDI есептеулері жүргізілді. Алынған деректер адам капиталының цифрлық жетілуі мен тұрақты дамуы тұрғысынан елеулі аумақтық теңсіздікті көрсетеді. HDI-мен салыстырғанда, CDI цифрлық теңсіздік факторларына, АКТ инфрақұрылымының деңгейіне және ESG-компоненттерінің интеграция дәрежесіне неғұрлым сезімтал екені анықталды. Талдау нәтижесінде цифрлық және экологиялық алшақтықты жоюға бағытталған бірқатар шаралар ұсынылды: өңірлік цифрлық даярлық орталықтарын құру, EdTech-платформаларды дамыту, құзыреттердің цифрлық профильдері жүйесін енгізу. CDI моделін қолдану адам капиталын бағалау мен басқарудың көпдеңгейлі жүйесін ұсынады, ол Қазақстандағы мемлекеттік саясатта да, бизнес ортада да пайдалануға қолайлы.