PDF (Ру)

Кілтті сөздер

мемлекеттік қызмет
мансап және лауазым үлгісі
стратегиясы
практикасы

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Бокаев, Б., Жаров, Е., Торебекова, З., & Бактиярова, Г. (2024). ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҮЛГІЛЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІМДЕЛУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 62(1), 167–182. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-62-1-167-182

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты – халықаралық тәжірибеге бейімделген мемлекеттік қызмет үлгілерін талдау және бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметінің келекшектегі дамуының бағыттарын айқындау.

Мақалада шет елдердегі мемлекеттік қызметті реформалаудың өзекті мәселелері қарастырылып, халықаралық тәжірибедегі мемлекеттік қызметтің әртүрлі үлгілері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік қызметті жетілдірудің перспективалық бағыттары айқындалды.

Зерттеу барысында талдау, салыстыру, бақылау, индукция мен дедукция әдістері және логикалық тәсіл қолданылды.

Зерттеу нәтижелері қазіргі кезеңде мемлекеттік қызметтің бірнеше моделі бар екенін көрсетті. Бұл үлгілердің әрқайсысы белгілі бір елдегі ұлттық заңнаманың және қоғамдық қатынастардың дамуын ескере отырып қалыптасты. Сондай-ақ, ұлттық тәжірибеде және заңнамада сәтті енгізуге болатын шет елдердегі мемлекеттік қызмет үлгілерінің сипатты ерекшеліктері атап өтілді.

Атап айтқанда, Қазақстан үшін англосаксандық үлгінің жекелеген элементтерін пайдалана отырып, континенттік үлгідегі мемлекеттік қызмет жүйесі оңтайлы нұсқа болып табылатынына қорытынды жасалды. Мемлекеттік қызметте партисипативтік басқаруды күшейту, мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқық қорғау қызметіне қабылдау қағидаттарын үйлестіру, квазимемлекеттік және жеке секторларда жұмыс істейтін қызметшілер қатарынан салалық кадрлық резервті қалыптастыру бойынша ұсынымдар тұжырымдалды.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-62-1-167-182
PDF (Ру)