PDF (En)

Кілтті сөздер

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)
Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ)
Жоғары аудиторлық палата
бюджет
жаһандану

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ануарбекова S., & Алибекова B. (2023). ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕГІ РӨЛІ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 58(1), 6–15. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-6-15

Аңдатпа

Бұл мақалада тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы мемлекеттік аудит органы – Жоғары аудиторлық палатаның маңызы мен рөлі қарастырылған. Қазақстандағы жаһандану жағдайындағы мемлекеттік аудитте орын алған өзгерістер көрсетілген. Жоғары аудиторлық палатаның міндеттерінің қабылданған жаһандық деңгейдегі құжатпен байланысы талданған. ТДМ-ге қол жеткізуге бөлінетін мемлекет қаражатының өнімділік және үнемділік көрсеткіштерін тиімділік аудиті тұрғысынан іске асыру нәтижелері қарастырылған. Барлық Біріккен ұлттар ұйымына мүше елдер аталған құжатты қабылдай отырып, мемлекеттік деңгейде оның іске асырылуын қадағалауда. Бұл тұста, еліміздің де жоғары аудит органының осы мақсаттарға жету жолындағы өзіндік байланысы қалыптасты. Мақалада мемлекеттік құжаттардың өзара байланысы шеңберінде аудит тарапынан оны бақылаудың маңызы зор екенін байқатады. Авторлар аудит органы жүргізетін тиімділік аудитінің бағыттары бойынша Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі мақсаттарына қол жеткізудің қазіргі жағдайын анықтауға тырысады. Осы ғылыми мақалада Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді мемлекеттік аудит тұрғысынан ашып көрсеткен.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-6-15
PDF (En)