PDF

Кілтті сөздер

құмар ойындар; лудомания; мемлекеттік реттеу; халықаралық тәжірибе; құмар ойын бизнесі; мемлекеттік аудит; өзін-өзі шектеу; цифрлық бақылау; салық саясаты; тәуелділіктің алдын алу; әлеуметтік тәуекелдер.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Айтбаев, А., & Пак, В. (2025). Құмар ойын бизнесін реттеудің және лудоманияға қарсы тұрудың халықаралық тәжірибесі: аналитикалық зерттеу. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 69(4), 189–205. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-189-205

Аңдатпа

Мақалада АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швеция және Литва үлгісінде құмар ойындарын реттеу және лудоманияның алдын алу жөніндегі халықаралық тәжірибені кешенді талдаудың нәтижелері ұсынылған. Құқықтық тетіктерді, қаржылық және салықтық құралдарды, өзін-өзі шектеу жүйелерін, жарнаманы реттеу нормаларын, жас шектеулерін, осал топтарды қорғау шараларын және цифрлық мониторингті салыстырмалы талдау негізінде реттеудің эволюциясы – тыйым салушы саясаттан тәуекелге бағдарланған және әлеуметтік жауапты модельдерге қарай беталысы анықталды.

Зерттеуде ұлттық мониторинг жүйелері, құмар ойынға тәуелділікті клиникалық ауру ретінде тану, профилактика мен емдеу шаралары, сондай-ақ цифрлық гемблингті реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Халықтың құмар ойындарға қызығушылығы, белсенді ойыншылар саны, жылдық шығындар көлемі және тәуелділік деңгейлері бойынша халықаралық рейтингтер ұсынылып, индустрияның дамуы мен әлеуметтік тәуекелдердің ауқымы салыстырылады.

Шетелдік тәжірибе негізінде Қазақстан үшін алты негізгі бағыт ұсынылады: бірыңғай ұлттық реттеуші құру, өзін-өзі шектеу жүйесін енгізу, салық саясатын жаңғырту, заңсыз онлайн-платформаларға қарсы халықаралық ынтымақтастық, «жауапты ойын» тетіктерін дамыту және қадағаланатын онлайн-сегментті қалыптастыру.

Зерттеу нәтижелері құмар ойындар нарығын тиімді реттеу экономикалық ынталандыру, цифрлық бақылау, ведомствоаралық үйлестіру және халықты лудоманиядан қорғау шараларының үйлесімділігі арқылы ғана мүмкін екенін көрсетеді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-189-205
PDF