Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының әйелдер көшбасшылығының ілгерілеуіне әсері зерттеледі.
Зерттеудің негізгі мақсаты – басқару процестерін цифрландыру деңгейі мен әйелдердің басшылық лауазымдардағы үлесі арасындағы өзара байланысты айқындай отырып, жасанды интеллекттің мемлекеттік басқару жүйесіндегі әйелдер көшбасшылығын дамытуға ықпалын анықтау.
Авторлар цифрлық көшбасшылықтың дамуын айқындайтын институционалдық және технологиялық факторларды, сондай-ақ гендерлік стереотиптерді азайту мен басқарушылық шешімдердің сапасын арттырудағы ЖИ рөлін зерттеді.
Басшылық лауазымдардағы әйелдер санының артуы мен цифрлық жетілу деңгейі (EGDI) арасындағы өзара байланысты бағалау үшін жүргізілген корреляциялық-регрессиялық талдау статистикалық тұрғыдан мәнді тікелей тәуелділікті анықтады (r = +0.99, R² = 0.97).
Арнайы назар гендерлік компонентті цифрлық стратегияға енгізуге бағытталған қазақстандық және халықаралық жобаларға аударылды (Women in AI & GovTech, AI Federal Leadership Series, Women in Digital Forum).
