PDF (En)

Кілтті сөздер

кәсіпкерлік, өңдеуші өнеркәсіп, ынталандыру, қолдау құралдары, мемлекеттік қолдау.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Абжатова A., Читанова, С., & Бекмухаметова A. (2025). Шет мемлекеттердің өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру тәжірибесі. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 69(4), 252–261. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-252-261

Аңдатпа

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту – технологиялық дербестікке және тұрақты экономикалық өсуге ұмтылатын көптеген елдердің экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі жағдайда Қазақстан да индустрияландыру стратегиясын жүзеге асырып жатыр, оның аясында өндірістік сектордағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақаладағы мақсат – өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған шетелдік тәжірибені талдап, оны Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына бейімдеу мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеуде АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея және Ресей елдерінде қолданылатын тәсілдер қарастырылады. Негізгі назар салықтық жеңілдіктер, жеңілдетілген қаржыландыру, субсидиялау, инновациялық және кластерлік бағдарламалар, өндірісті цифрландыру, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған инфрақұрылымды дамыту сияқты қолдау құралдарына аударылады. Аталған шаралардың тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізіліп, Қазақстан жағдайында қолдануға болатын тәжірибелер анықталды. Мақалада институционалдық әлеуетті күшейту, қолдаудың өңірлік саралануы және бизнес, ғылым мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттілігі негізделеді.

Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды, өнеркәсіпті дамыту стратегияларын және импортты алмастыру механизмдерін әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-69-4-252-261
PDF (En)