PDF (Ру)

Кілтті сөздер

цифрландыру
трансформация
мемлекеттік басқару
бәсекеге қабілеттілік
медициналық қызметтер
мемлекеттік бағдарлама
электрондық сервистер

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мазина, А., Зейнуллина, Ж., & Накипова, Г. (2025). ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫН АРТТЫРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 68(3), 104–114. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-68-3-104-114

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі жаһандық цифрландыру, демографиялық өзгерістер және халық тарапынан сапалы медициналық қызметтерге сұраныстың артуы жағдайында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – елдегі медициналық және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына цифрлық трансформацияның ықпалын кешенді түрде бағалау.

Зерттеу барысында статистикалық талдау, корреляциялық-регрессиялық модельдеу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар мен стратегиялық бағдарламаларға контент-талдау әдістері қолданылды. 2022–2025 жылдар аралығындағы деректерді талдау негізінде көрсетілген медициналық және әлеуметтік қызметтер көлемінің өсуі анықталды, бұл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электрондық платформалар, телемедицина, цифрлық құжат айналымы және мобильді қосымшаларды белсенді енгізумен байланысты.

Талдау нәтижелері цифрландыру деңгейі мен халықты медициналық қызметтермен қамту арасындағы тұрақты оң байланыстың бар екенін көрсетті, әсіресе ауылдық жерлерде. Сонымен қатар, цифрлық шешімдерді енгізудің тиімділігін шектейтін институционалдық, инфрақұрылымдық және техникалық кедергілер анықталды. Цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кадрларды даярлау және қайта даярлау қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Сонымен қатар, инклюзивтілікке, дербес деректерді қорғауға және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға баса назар аудара отырып, денсаулық сақтау саласының цифрлық экожүйесін нығайту бойынша ұсыныстар берілді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-68-3-104-114
PDF (Ру)