PDF (En)

Кілтті сөздер

агроөнеркәсіптік кешен, агроөнеркәсіптік сектор, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы, өнімділік, тиімділік

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Конырбеков М., Касымбекова Г. Р., & Бейсекова Ж. (2025). Мемлекетті азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртудың шетелдік тәжірибесі. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 67(2), 205–212. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-205-212

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін (бұдан әрі – АӨК) модернизациялау жағдайында азық-түлікпен қамтамасыз етудің тұрақтылығын зерделеу мен зерттеу жүргізудің өзекті мәселелері, біріншіден, жағдайдың тұрақсыздығы және кейбір өнім санаттарындағы импортқа жоғары тәуелділік және агроөнеркәсіптік кешенді модернизациялау қажеттілігі сияқты бірқатар проблемаларды шешуге негізделген. Сонымен қатар, екіншіден, агроөнеркәсіптік кешенді тиімді модернизациялау және азық-түлікпен қамтамасыз етудің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандар қажет. Алайда, көбінде бейінді мамандардың кадр тапшылығы проблемасы туындап, бұл зерттеу жүргізуді және АӨК модернизациялау бойынша міндеттерді орындауды қиындатуы мүмкін. Үшіншіден, Қазақстанға климаттың жаһандық өзгерістері әсер етеді, бұл ауыл шаруашылығы мен өнімділікке, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге теріс әсер етуі ықтимал.

АӨК қолдау және дамыту саясаты мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ететін тиімді бағдарламаларды әзірлеуге ықпал ететін тетіктерді құруға бағытталған заңнамалық реттеуді қамтиды. Бұл кешен мемлекет халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінде шешуші рөл атқарады және оны модернизациялау тұрақты азық-түлік жүйесін қалыптастыру стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Жүргізілген зерттеуде агроөнеркәсіптік кешенді модернизациялау мен азық-түлікпен қамтамасыз етудің тұрақтылығының заңнамалық және реттеуші аспектілерін ескеру қажет. Бұған нормативтік реттеу, субсидиялар, сауда саясаты мәселелері және АӨК-нін модернизациялаудың табыстылығына әсер етуі мүмкін басқа да аспектілер кіреді.

Бұл зерттеудің мақсаты теориялық-әдіснамалық тәсілдерді зерделеу, мемлекетті азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінің шетелдік озық тәжірибелерді зерттеу нәтижесінде ұсыныстар қалыптастыру.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-205-212
PDF (En)