PDF (Ру)

Кілтті сөздер

Кілт сөздер: банктер, банк секторы, цифрландыру, технологиялық инновациялар, инновациялық технологиялар, цифрлық трансформация, open API, Open Banking, жасанды интеллект, үлкен деректер технологиясы

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Дуйсенбаева, Б., Кулумбетова, Д., & Маулина, Н. . (2025). ЦИФРЛЫ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК СЕКТОРЫ ДАМУЫНЫҢ ЗАМАНУИ ТРЕНДТЕРІ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 68(3), 25–41. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-68-3-25-41

Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл зерттеудің мақсаты цифрлық экономика жағдайында қазақстандық коммерциялық банктер дамуының замануи трендтерін белгілеу болып табылады. Жұмыста Қазақстан Республикасының банк секторындағы цифрландыру процестеріне талдау жүргізіледі, саланың дамуын айқындайтын цифрлық банк технологиялары саласындағы негізгі үрдістер қарастырылады. Коронавирустық пандемияға және сыртқы ортаның басқа да қолайсыз факторларына қарамастан, орнықтылықты, тұрақты дамуды сақтауға және елдің нақты ЖІӨ өсуінің драйвері болып қалуға мүмкіндік беретін банк секторының цифрлық трансформациясының дамуына шолу жасалды. Жұмыста оның ұлттық экономикадағы орнын бейнелейтін 2019-2023 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасының банк секторын дамытудың аса маңызды абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері пайдаланылды және талданды. Қолжазбада банк саласындағы цифрландыру үдерісімен бірге жүретін объективті және субъективті сипаттағы проблемалар атап өтіледі және банк секторын цифрлық трансформациялаудың болашақ бағытын анықтайтын цифрлық банк технологиялары саласындағы үрдістер айқындалады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-68-3-25-41
PDF (Ру)