Аңдатпа
Берілген мақала Қазақстандағы жергілікті басқару және аудит органдарының жұмыстарына ықпал ететін факторлар зерттеуіне арналған. Мақаланың негізгі идеясы бойынша, өзге мемлекеттік органдардың жұмысын тексеру және қадағалау функцияларына қарамастан, аудит мекемелер қызметінің осындай шектеу және тежеу сипаттамасы барлық үкіметтік институттардың ұзақ-мерзімді және кешенді нәтижелігіне оң ықпал етеді. Салыстарымалы талдауға негізделе отырып, мемлекеттік аудит жұмысына әсер ете алатын бірқатар аспектілер бөлек категориялар ретінде қарастырылды, мәселен жергілікті деңгейдегі мемлекеттік сатып алу үдерістерінің кейбір ерекшеліктерінен шығатын факторлар, немесе бірқатар жергілікті атқарушы және өкілетті органдар жұмысының ерекшеліктерінен туындайтын факторлар. Мақала аргументі берілген талдаудан мемлекеттік аудит пен жергілікті басқару сапасын жақсартуға бағытталған практикалық ұсыныстарды аңықтауды қамтыды. Барлық қарастырылған факторлар мен ұсыныстар мемлекеттік аудиттің халықараралық тәжірибесі контекстіде салыстырылады, демек аңықталған ұзақ-мерзімді оң нәтижелер өзге мемлекеттердің даму жағдайларын есепке ала отырып өзекті болады.
