PDF

Кілтті сөздер

кәсіпкерлік шешімдер, қаржылық негіздеме, шығындар, шекті кіріс, шектеулі ресурс, бөлім нүктесі, қаржылық емес фактор

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Бауэр М. Ш., Айгужинова Д. З., Хусаинова Ж. С., & Шеримова Н. М. (2025). Қысқа мерзімді кәсіпкерлік шешімдердің қаржылық негіздемесі: мәселелер, практикалық жағдайлар. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 67(2), 88–97. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-88-97

Аңдатпа

Мақалада қысқа мерзімді шешімдер мәселелері ұзақ мерзімді шешімдер мәселелерімен салыстыра отырып қарастырылған. Шешім қабылдаудың интуитивті және нақты әдістеріне сипаттама берілген. Мақала авторлары қысқа мерзімді кәсіпкерлік шешімдерді қаржылық негіздеудің нақтыланған практикалық тәсілдерін ұсынған, сонымен қатар оның негізгі принциптерін көрсеткен. Кәсіпкерлік шешімдердің түрлері мен сипаттамалары жинақталып, кәсіпкерлік шешімдердің қаржылық негіздемесінің практикалық ұсыныстары мен есептеулері ұсынылған. Кәсіпкерлік шешімдерді негіздеу кезінде қаралатын баламаларды бағалау критерийлері болып табылатын қаржы-экономикалық көрсеткіштердің мәні мен мазмұны айқындалған.

Нақты мысалдар негізінде қысқа мерзімді кәсіпкерлік шешімдердің бірнеше түрі бойынша қаржылық негіздемені есептеу алгоритмдері қарастырылған және жинақталған: шектеу факторлары, компоненттерді сатып алу немесе өз өндірісі, бизнес сегментін жабу, тапсырысты қабылдау немесе қабылдамау, баға белгілеу, бірлескен өнімдерді өндіру және оларды әрі қарай өңдеу.

Кәсіпкерлік шешімдер қабылдаудың қаржылық емес (сапалық) факторлары анықталған. Мақалада ұсынылған қысқа мерзімді кәсіпкерлік шешімдердің қаржылық негіздемесі саласындағы ұсыныстар қабылданатын кәсіпкерлік шешімдердің сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-67-2-88-97
PDF