PDF (Ру)

Кілтті сөздер

мемлекеттік-жекеменшік әріптестік
денсаулық сақтау
халықаралық тәжірибе
Алзира моделі
артықшылықтары мен кемшіліктері

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Култанова Н. Б, Спанкулова Л. С., & Бахтизин А. Р. (2025). Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ: халықаралық үлгінің қазіргі жағдайы мен тәжірибесін талдау. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 66(1), 91–100. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-66-1-91-100

Аңдатпа

Үкіметтің әлеуметтік жобаларға назар аударуы денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ маңыздылығын арттыруға ықпал етеді. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларының бірі жеткіліксіз қаржыландыру болып қала береді, бұл әсіресе ауылдық аймақтарда заманауи медициналық технологиялар мен білікті көмекке қолжетімділіктің шектелуіне алып келеді.

Денсаулық сақтау жүйесі кадр тапшылығына тап болып отыр, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасына кері әсер етеді. Бұл мақалада Қазақстандағы МЖӘ дамуының қазіргі жағдайын талдауға және халықаралық Alzira моделін енгізу мүмкіндігіне баса назар аудара отырып, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің рөлі қарастырылады.

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, МЖӘ тұжырымдамасын, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттейтін әдебиеттерге шолу жасалды. Жұмыста іске асырылған МЖӘ жобаларының деректеріне талдау және олардың инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі берілген. Жұмыс барысында МЖӘ негізінде жұмыс істейтін нақты медициналық мекемелер туралы ақпараттың жеткіліксіз болуы сияқты жүйелік проблемалар анықталды. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда бейімделудің сәтті үлгісі ретінде испандық Алзира үлгісі ұсынылып отыр. Мақалада осы модельдің артықшылықтары, сондай-ақ оның ықтимал тәуекелдері мен шектеулері қарастырылады. Жұмыста Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде МЖӘ тетіктерін нығайту және олардың тиімділігін арттыру үшін сәтті халықаралық Альзира моделін бейімдеу қажеттілігі атап өтілді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-66-1-91-100
PDF (Ру)