PDF (Ру)

Кілтті сөздер

Кілт сөздер: тиімділік аудиті, Польша Жоғары есеп палатасы, Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасы, мемлекеттік басқару, қаржылық бақылау, аудит әдістері, бюджетке бақылау.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Rakayeva A. N., & Zhartybek D. B. (2025). Польша мен Қазақстан арасында тиімділік аудитін жүргізу тәжірибесі: салыстырмалы талдау. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 66(1), 157–166. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-66-1-157-166

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар Польша мен Қазақстанның мемлекеттік қаржылық бақылау
контекстінде тиімділік аудитінің маңыздылығын зерттей отырып, Польша мен Қазақстанның
тәсілдерін салыстырады. Зерттеудің мақсаты – екі елдегі тиімділік аудитінің методологиясындағы негізгі айырмашылықтарды анықтау және олардың басқаруға, қаржылық қадағалауға
және институционалдық ашықтыққа әсерін бағалау. Польшаның Жоғары бақылау палатасы
және Қазақстанның Жоғары аудит палатасының қоғамдық ресурстарды тиімді бөлуін қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау және құқықтық нормаларға сәйкестігін сақтау рөлін жан-жақты қарастырады. Зерттеу бірнеше әдісті қолданады, соның ішінде
салыстырмалы құқықтық талдау, аудит есептерін бағалау және құрылымдалған SWOT-талдау.
Нәтижелер аудит әдістемелеріндегі, операциялық ашықтық пен институционалдық тәуелсіздікті елеулі айырмашылықтарды көрсетеді. Польша аудит жүйесі қатаң ЕО стандарттарына сәйкес
келіп, құрылымдық жоспарлау арқылы есептілікті арттырса, Қазақстанның жүйесі мемлекеттік бағдарламаларды қадағауда күшті болғанымен, ашықтық пен саяси ықпал ету мәселелерімен
бетпе-бет келеді. Зерттеу Польша тәжірибесінен үздік тәжірибелерді, соның ішінде аудиттің
тәуелсіздігін арттыру, қоғамдық ашықтықты күшейту және аудит процестерін цифрландыру
сияқты тәсілдерді енгізу Қазақстан аудит жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін айтарлықтар жақсартатынын көрсетеді. Аталған элементтерді нығайту аудиттің неғұрлым тиімді және есеп беретін жүйесін құруға, қаржылық қадағалау мен мемлекеттік басқаруды жақсартуға ықпал ететін
болады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2025-66-1-157-166
PDF (Ру)