Аңдатпа
Бұл зерттеудің мақсаты – Қазақстан жастары арасында кәсіпкерлік ойлауды дамытуға
әсер ететін факторларды кешенді талдау, әсіресе Атырау облысының Құлсары қаласында су
тасқыны салдарынан туындаған шектеулерді анықтау. Табиғи апаттардың, атап айтқанда, су
тасқынының жастардың кәсіпкерлік бастамаларына тигізетін ықпалы зерттеліп, олардың теріс
әсерін азайту мен экономикалық қалпына келтіру жолдары қарастырылады. Кәсіпкерлік ойлау
қабілеті жастардың еңбек нарығындағы құндылығын арттыратын маңызды фактор ретінде қарастырылады. Өйткені ол креативтілік, тәуекелдерді басқару және проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастырады.
Зерттеу барысында кәсіпкерліктің сыртқы және ішкі ортасының факторлары талданып, олардың кәсіпкерлік әрекеттерге және ойлау тәсілдеріне ықпалы негізделеді. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің эволюциясы мен оның даму бағыттары анықталады. Зерттеу әдістері ретінде сауалнама жүргізіліп, статистикалық есептеу тәсілдері қолданылды. Құлсары қаласындағы су тасқынынан кейінгі жағдайлар мен олардың жастардың кәсіпкерлік әлеуетіне әсері туралы деректер
сапалы және сандық талдау әдістерімен зерттеледі.
Нәтижесінде, кәсіпкерлік ойлауды қалыптастырудың негізгі аспектілері бөлініп көрсетіліп,
жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттаудың осал тұстары анықталды. Сондай-ақ, табиғи апаттардың салдарын еңсеру тәжірибесінде басқа өңірлер мен елдердің салыстырмалы талдауы
ұсынылады. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасындағы жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды жетілдіруге ғылыми негіз бола алады.
Ғылыми мақалада кәсіпкерлік тұжырымдамасы бойынша қазіргі әдебиеттердің жағдайы қорытындыланып, зерттеушілерге оның шығу тегі, тамыры мен эволюциясын жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Автор жастарды балалық шақтан бастап кәсіпкер болуға шақырады. Өз күш-жігерінің нәтижесінде олар кәсіпкерлік тәжірибені, дағдылар мен қабілеттерді, сондай-ақ кәсіпкерлік қиындықтарды шешу қабілетін дамытады. Мақалада жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту алғышарттары талданады. Зерттеу әдістері: Мақалада зерттеудің гипотезасы анықталғаннан бастап қолданылған сауалнама және оған құрастырылған сұрақтар, оларды талдау барысында статистикалық есетпеу тәсілдері авторлармен жүйелі қолданылды.
Нәтижелер. Кәсіпкерлік ойлаудың негізгі аспектілері бөлініп көрсетіледі. Кәсіпкердің сыртқы және ішкі ортасының факторлары зерттеліп, олардың ойлау тәсіліне және кәсіпкердің іс-әрекет ету тәсіліне әсері негізделеді. Кәсіпкерлік ойлаудың дамуына қарай кәсіпкерліктің эволюциясының негіздемелері мен бағыттары қалыптастырылады.
Қорытындысында кәсіпкерлікті жастар арасында насихаттаудағы осал тұстар анықталады.