Рецензенттерді іріктеу туралы хабарландыру
«Мемлекеттік аудит – Государственный аудит» ғылыми-практикалық журналының редакциясы мамандарды рецензент ретінде ынтымақтастыққа шақырады.
Журнал мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау, экономика, жария басқару, бюджеттік саясат және сабақтас бағыттар саласында ғылыми және ғылыми-практикалық мақалаларды жариялайды. Басылым академиялық адалдық қағидаттарын, тәуелсіз сараптамалық бағалауды және жарияланымдық этиканың халықаралық стандарттарын қатаң сақтайды.
Қолжазбаларды рецензиялау құрылымдалған бағалау нысанын қолдана отырып, қосарланған соқыр рецензиялау (double-blind peer review) қағидаты негізінде жүзеге асырылады.
Рецензенттерге қойылатын талаптар:
- ғылыми дәреженің болуы (PhD / ғылым кандидаты / ғылым докторы) немесе журнал тақырыптамасы бойынша жарияланымдық белсенділік;
- ғылыми-зерттеу және (немесе) сараптамалық жұмыс тәжірибесі;
- рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалардың болуы;
- ғылыми талдаудың академиялық стилін меңгеру;
- құпиялылық және жарияланымдық этика қағидаттарын сақтау.
Рецензенттің міндеттері:
- ұсынылған қолжазбаға объективті, дәлелді және ғылыми тұрғыдан негізделген рецензия дайындау;
- зерттеудің ғылыми жаңалығын, әдіснамалық дұрыстығын, практикалық маңыздылығын және журнал бейініне сәйкестігін бағалау;
- рецензиялау үшін белгіленген мерзімдерді сақтау.
Ынтымақтастық шарттары:
- рецензиялау өтеусіз негізде жүзеге асырылады;
- сұрау салу бойынша рецензент сертификаты беріледі;
- рецензенттің қатысуымен мақаланы ұйымдастырушылық жарнасыз жариялау мүмкіндігі қарастырылады.
Қызығушылық танытқан мамандарға түйіндемені (CV) редакцияның электрондық поштасына жолдау ұсынылады: [journal@gov-audit.kz].
Журнал редакциясы жарияланатын зерттеулердің ғылыми сапасы мен практикалық маңыздылығын арттыруға үлес қосып жүрген барлық мамандарға алғысын білдіреді.
Хабарландыру
«Мемлекеттік аудит – Государственный аудит» ғылыми-практикалық журналы журнал бейіні бойынша ғылыми қолжазбаларды тәуелсіз сараптамалық бағалауға қатысу үшін білікті мамандарды рецензент ретінде ынтымақтастыққа шақырады