Аңдатпа
Мемелекеттің салықтық саясатының белсенді құралы болып салықтық жеңілдіктер табылады. Олар субъектілерге ынталандырушы әрекет етуге бағытталған. Дегенмен, Қазақстанда салықтық жеңілдіктерінің тиімсіз пайдаланылуы қажетті ынталандарушы тиімділікті қамтамасыз етпей ел бюджетін қалыптастыруға қауіп төндіреді. Авторлардың пікірінше салық жеңілдіктері мақсатты сипатта болып, салық салу ережелерінің ерекше жағдайы ретінде тек шектеулі мерзімге ғана берілуі керек. Қазақстандағы салық жеңілдіктерінің ауқымдылығы мен жасырын әсері олардың әртүрлі салық салу объектілеріне уақыт параметрлерін ескере отырып анықтау үшін объективті сандық бағалауға мүмкіндік беретін әдістемені мұқият әзірлеуді қажет етеді.
Салықтық жеңілдіктер «түспей қалатын кірістер» ұғымымен тікелей байланысты. Дегенмен, Қазақстан Республикасының заңнамасында бұл терминге анықтама келтірілмеген. Мақалада түспей қалатын салықтық түсімдерді анықтау тәсілдері қарастырылған, авторлық анықтама берілген сондай-ақ ҚҚС және корпоративтік табыс салығы сияқты ірі салықтар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түспей қалу жоғалтуларының сандық бағалауы берілген.
Зерттеу әдістеріне эмпирикалық шолу, жалпылау, жүйелік тәсіл, статистикалық және сандық талдау жатады. Түспей қалатын салықтық кірістерді сандық бағалау негізінде олардың мониторингін жақсартуға бағытталған ұсыныстар кешені ұсынылған.