Жариялау этикасы
 
 
1. Жалпы ереже

        «Мемлекеттік аудит – Государственный аудит» журналының редакциялық алқасы (бұдан әрі - Журнал) ғылыми жарияланымдардың әдептілік, құпиялылық, жарияланымдарды қадағалау, ықтимал мүдделер қақтығысын есепке алу қағидаларын және т.б. қамтитын халықаралық этика стандарттарын басшылыққа алады. Өз қызметінде редакция Ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінің (Committee on Publication Ethics) ұсынымдарын ұстанады, сондай-ақ беделді халықаралық журналдар мен баспалардың тәжірибесіне сүйенеді.

        Жариялау этикасы редакторлардың, рецензенттер мен авторлардың этикалық мінез-құлқының нормаларын, принциптері мен стандарттарын, мүдделер қақтығысын, этикалық емес мінез-құлықты анықтау шараларын, мақаланы алу (ретракциялау), түзету және теріске шығару жөніндегі нұсқаулықтарды белгілейді.

        Жариялау процесінің барлық қатысушылары, атап айтқанда, «Мемлекеттік аудит – Государственный аудит» ғылыми журналының әрбір авторы, редакторлары, рецензенті, редакциялық алқа мүшелері жариялау этикасының қағидаттарын, нормалары мен стандарттарын сөзсіз ұстануға міндетті. Этика ережелерін сақтау ғылыми журналдың сапасын қамтамасыз ету және қолдау үшін де, жариялау процесіне қатысушылар арасында сенімгерлік және сыйластық қарым-қатынастарды құру, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»  Қазақстан Республикасының 1996 жылғы №6 Заңына сәйкес авторлық материалдарды жеке тұлғалардың мүддесі үшін заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау үшін де маңызды болып табылады (өзгерістермен және 13.05.2020 ж.жағдай бойынша толықтырулармен).

        Этикалық емес мінез-құлық болып авторлардың, редакторлардың немесе баспагердің өз мақалаларына өз бетінше рецензия беру, шарттық және жалған рецензиялау жағдайлары, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау үшін агенттік қызметтерге жүгіну жағдайлары, жалған авторлық, зерттеу нәтижелерін бұрмалау және ойдан шығару, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, мақалалардың қолжазбаларын авторлардың рұқсатынсыз басқа басылымдарға беру, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтар мен редакциялық процестердің құпиялылық принциптерін бұзу, дәйексөзбен, плагиатпен айла-шарғы жасау жағдайлары болып саналады.

2. Ғылыми жарияланым авторының міндеттері мен құқықтары
  • жариялауға ұсынылған жұмыстың түпнұсқа екендігіне және бұрын еш жерде, ешбір тілде жарияланбағанына кепілдік береді;
  • өз жұмысы мен басылымның мазмұны, нәтижелері үшін ұжымдық жауапкершілікте болады, олар жоғары сапамен сипатталады және этикалық, әдіснамалық және құқықтық нормаларға сәйкес келеді;
  • нәтижелерді адал, ойдан шығарусыз, бұрмалаусыз және/немесе деректерді жосықсыз айла-шарғыларсыз ұсынады;
  • мақала материалдарын толық, үйлестірілген және объективті түрде ұсынады;
  • қажет болған жағдайда мақалада келтірілген деректердің дұрыстығын растайтын қосымша материалдарды ұсынады;
  • дәлсіздіктер немесе қателер анықталған жағдайда тез арада түзету шараларын қолданады;
  • өз бетінше жарияланымда елеулі қателерді немесе дәлсіздіктерді анықтаған кезде бұл туралы хабарлайды және жарияланымды тезірек алу немесе қателерді түзету мақсатында редакциямен өзара іс-қимыл жасайды;
  • өзін- өзі цитаталауды қолдана алады - бес сілтемеден көп емес;
  • рецензиялауға дейін басылымнан бас тартуға құқығы бар;
  • редакция мақаланы жариялаудан бас тартқан жағдайда негізделген жауап алуға құқығы бар;
  • жарияланғанға дейін пысықтауға құқығы бар;
  • мақаланы жариялауға қабылдау туралы шешім құқығын Редакциаға қалдырып, рецензенттердің ескертулерімен негізді түрде келіспеуге құқығы бар.
3. Рецензенттің міндеттері мен құқықтары

        Ұсынылған мақаланың сапасын объективті бағалау және оның ғылыми, әдеби және этикалық стандарттарға сәйкестік дәрежесін анықтау мақсатында авторлық материалдарға ғылыми сараптама жүргізетін адам рецензент болып танылады.

Рецензент:

  • рецензиялауға мақала алғаннан кейін 2 күн ішінде Журналдың онлайн-жүйесінде келісім береді немесе дәлелді бас тартады;
  • рецензиялау кезінде құпиялылық принципін сақтайды;
  • авторды қандай да бір жеке сынаусыз ғылыми жұмысқа объективті баға береді, өз пікірін анық және дәлелді түрде білдіреді;
  • қарастырылып отырған мақаланың қолжазбасы мен жарияланған жұмыс арасындағы айтарлықтай ұқсастықтарды немесе сәйкестіктерді анықтайды;
  • үшінші тұлғалармен талқылау мақсатында қарауға ұсынылған және жарияланбаған деректерді жеке мақсатта пайдалана алмайды;
  • плагиатқа, авторлыққа немесе деректерді бұрмалауға қатысты күдік туындаған жағдайда редакциялық алқаға міндетті түрде хабарлайды;
  • мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаны қарауға рұқсат етілмейді;
  • ағымдағы нөмір шыққаннан кейінгі алғашқы екі апта ішінде рецензент ретінде ынтымақтастықтан бас тартуға құқылы.
4. Редакциялық алқаның міндеттері мен құқықтары

 

Бас редактор:

  • Журналға тікелей басшылықты жүзеге асырады;
  • Журналдың баспа қызметі мәселелерін үйлестіреді;
  • Журналдың жұмысын ұйымдастыруды, Журнал туралы ережеде айқындалған міндеттер мен функцияларды орындауды қамтамасыз етеді;
  • Журнал қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
  • Журналдың көркемдік және техникалық безендірілуіне байланысты мәселелерді шешеді;
  • жұмыс орындарында жоғары өнімді, сапалы еңбек үшін оңтайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
  • авторлық құқық саласындағы қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, Журналдың саясаты мен этика нормаларын басшылыққа ала отырып, Журналда материалдарды жариялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы түпкілікті шешім қабылдайды;
  • ұсынылған жұмыстар туралы ақпаратты тиісті авторлардан, рецензенттерден, басқа редакциялық консультанттардан басқа ешкімге жария етпейді. Редакциялау кезінде алынған ақпарат немесе идеялар құпия болып табылады.

 

Бас редактордың орынбасары:

  • Журналға тікелей басшылықты жүзеге асырады;
  • Журналдың баспа қызметі мәселелерін үйлестіреді;
  • Журналдың жұмысын ұйымдастыруды, Журнал туралы ережеде айқындалған міндеттер мен функцияларды орындауды қамтамасыз етеді;
  • Журнал қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
  • Журналдың көркемдік және техникалық безендірілуіне байланысты мәселелерді шешеді;
  • жұмыс орындарында жоғары өнімді, сапалы еңбек үшін оңтайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
  • авторлық құқық саласындағы қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, Журналдың саясаты мен этика нормаларын басшылыққа ала отырып, Журналда материалдарды жариялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы түпкілікті шешім қабылдайды;
  • ұсынылған жұмыстар туралы ақпаратты тиісті авторлардан, рецензенттерден, басқа редакциялық консультанттардан басқа ешкімге жария етпейді. Редакциялау кезінде алынған ақпарат немесе идеялар құпия болып табылады.

Шығарушы (жауапты) редактор: 

  • журналды әзірлеуге және ілгерілетуге қатысады;
  • шығарылатын тираждардың жылдық жоспары мен тақырыбын әзірлейді және басшылықпен келіседі, Журналдың тоқсан сайын шығарылуын қамтамасыз етеді;
  • Журналдың мақалаларды онлайн қабылдауына, онлайн-рецензиялауына, онлайн-жүйесіне мониторинг жүргізеді;
  • келіп түскен мақалаларды қабылдайды, олардың журнал тақырыбына сәйкестігін тексереді және Журналдың бас редакторының орынбасарына бекіту үшін ұсынады;
  • әлеуетті мақала авторларымен келіссөздер жүргізеді;
  • материалдарды баспаға уақтылы және сапалы дайындау, жоспарлау бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;
  • журналға материалдарды іріктеуді жүзеге асырады, жарияланымдардың түсу кестесінің орындалуын бақылайды;
  • авторларға қажетті көмек көрсете отырып, басылымға қабылданған қолжазбаларды қарайды (құрылымын жақсарту, терминдерді таңдау, иллюстрацияларды ресімдеу және т. б.), олармен ұсынылған өзгерістерді келіседі;
  • авторлардың рецензенттер жасаған ескертулерді және қолжазбаларды пысықтау кезінде қойылатын талаптарды орындауын, ұсынылған материалдың толықтығын, қолжазба атауларының олардың мазмұнына сәйкестігін тексереді;
  • келтірілген дәйексөздер мен цифрлық деректердің дұрыс жазылуын, есімдердің, терминдердің, өлшем бірліктерінің қолданылуы мен жазылуын, келтірілген таңбалардың стандарттарда белгіленген немесе Журналдың қабылданған талаптарына сәйкестігін тексереді;
  • лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзге де міндеттерді орындайды;
  • тираждарды теру, басып шығару және дайындау бойынша графиктердің орындалуын есепке алуды, басылымдардың толықтығын және полиграфиялық орындалу сапасын бақылауды жүргізеді;
  • полиграфиялық ұйымдардан дайын тираждарды қабылдайды, олардың сапасының техникалық ерекшелік талаптарына және шарт талаптарына сәйкестігін тексереді;
  • Журналдың дайындалған тираждарын белгіленген тәртіппен қабылдауға, беруге, таратуға қатысады;
  • ұсынылған жұмыстар туралы ақпаратты тиісті авторлардан, рецензенттерден, басқа редакциялық консультанттардан басқа ешкімге жария етпейді. Редакциялау кезінде алынған ақпарат немесе идеялар құпия болып табылады.

 

Редакциялық алқа мүшелері: 

  • мақалаға және оны жариялауға дайындау процесіне тікелей қатысы бар адамдардың тобын қоспағанда, редакцияға келіп түскен мақалалар туралы ақпаратты ашуға құқығы жоқ;
  • қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді жеке мақсаттар үшін пайдалана алмайды немесе үшінші тұлғаларға бере алмайды (жазбаша келісімінсіз);
  • бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы керек, ал қателерді анықтаған кезде – жанжалды жағдай анықталған кездегі түзетулер мен теріске шығаруларды жариялауға ықпал етуі керек;
  • рецензенттерге қатысты есімдер мен басқа ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуі керек. Қажет болса, жаңа рецензентті тарту туралы мәселені шешкен кезде соңғысына алдыңғы рецензенттердің есімдері туралы хабарлауға болады;
  • этикалық емес мінез-құлық, плагиат, авторлардың шамадан тыс өзін-өзі бағалауы, мүдделер қақтығысы белгілері бар мақалаларды жариялауға жауапты. Егер мақаланы жазу кезінде жариялау және/немесе ғылыми этика қағидаттары бұзылған жағдайда, журналдың бас редакторы редакциялық алқа шешімінің негізінде басылымды ретракциялауға тиіс. Мақалаларды автор (авторлар) немесе журналдың редакциясы кері қайтарып ала алады. Редакция жарияланған мақалаларды жарияланым және/немесе ғылыми этика бұзылған жағдайда СОРЕ-дың ұсынымдарына сүйене отырып алып қоюды жүзеге асырады. Мақала мына жағдайларда қайтарып алынады/ алынады (ретракцияланады):
  • егер алынған деректердің сенімсіз екендігі немесе заңсыз әрекеттер нәтижесінде алынғаны туралы нақты дәлелдер болса, мысалы, деректерді бұрмалау;
  • журналда жарияланғанға дейін қолжазбаны басқа басылымда жариялау фактісі анықталса.
  • мақалада плагиат анықталса, оның ішінде суреттер, графиктер, кестелер және т. б.;
  • мақалада басқа ғалымдарға және олардың зерттеулеріне теріс әсер етуі мүмкін өрескел қателіктер болса, мысалы, жаңсақтық немесе эксперимент қателігі;
  • мақалаға немесе оның жекелеген бөліктеріне үшінші тұлғалар тарапынан авторлық құқықтар туралы шағымдар пайда болса;
  • мақалада жариялау және/немесе ғылыми этика қағидаттарына, стандарттары мен нормаларына қайшы келетін ақпарат болса.
5. Мүдделер қақтығысын анықтау шаралары

 

        Мүдделер қақтығысы, Жариялау этикасы жөніндегі комитеттің (СОРЕ) анықтамасы бойынша, бұл авторлар, рецензенттер немесе редакциялық алқа мүшелерінің жарияланған материалға қатысты пікірлеріне әсер ете алатын жасырын мүдделері бар жанжалды жағдайлар. Мүдделер қақтығысы рецензент пен редакциялық алқа мүшелерінің ғылыми пікіріне және нәтижесінде қолжазбаны жариялауға қатысты редакциялық алқа шешіміне әсер етуі мүмкін қаржылық, жеке немесе кәсіби жағдайлар болған кезде пайда болады.

        Мүдделер қақтығысын ашу мақсатында Журнал Редакциясы авторлар мен рецензенттер арасындағы аффилиирлену дәрежесін анықтау жөніндегі шараларды іске асырады.

        Бас редактор, редакция алқасының мүшесі және рецензенттер редакция алқасының шешіміне қандай да бір түрде әсер етуі мүмкін ықтимал мүдделер қақтығысы туралы хабардар етуі керек. Редакция алқасының мүшелері қолжазба авторының (авторларының) зерттеу нәтижелерімен байланысты қандай да бір бәсекелестік қатынастарда болса немесе басқа мүдделер қақтығысы болса, қолжазбаны қараудан бас тартуы тиіс.

        Қолжазбаны журналға қарауға берген кезде автор (лар) қолжазбаның мазмұнында зерттеуді қаржыландырудың барлық көздері көрсетілгенін мәлімдейді; сондай-ақ қарауға берілген қолжазбаға қатысты мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін қандай коммерциялық, қаржылық, жеке немесе кәсіби факторлар бар екенін көрсетеді. Автор (лар) ілеспе хатта мүдделер қақтығысы болған кезде олардың қолжазбасын объективті бағалай алмайтын ғалымдарды көрсете алады.

        Рецензент бәсекелестіктен, ынтымақтастықтан немесе қолжазбаға қатысы бар кез келген автормен басқа қарым-қатынастан туындайтын мүдделер қақтығысының себептері болуы мүмкін қолжазбаларды қарастырмауы керек.

        Қолжазбаның мазмұнымен мүдделер қақтығысы болған жағдайда, жауапты редактор бұл туралы бас редакторға хабарлауы керек, содан кейін бас редактор қолжазбаны басқа редакторға/шолушыға қайта тексеруді және қарауды тапсырады.

        Қарау және пікірін білдіру процесінде қатысушылар арасында мүдделер қақтығысының болуы қолжазба қабылданбайды дегенді білдірмейді.

        Барлық мүдделі тұлғалар мүмкіндігінше жарияланымның барлық кезеңдерінде кез-келген вариацияда мүдделер қақтығысының туындауынан аулақ болу керек. Қандай да бір мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, осы қақтығысты ашқан адам бұл туралы редакцияға дереу хабарлауы керек. Бұл жариялау және ғылыми этика принциптерін, стандарттары мен нормаларын кез келген басқа бұзушылықтарға қатысты.

6. Этикалық емес мінез-құлық

 

Журнал редакциясы ғылыми жарияланымдар саласындағы этикалық емес мінез-құлық деп мыналарды таниды:

  • Авторлардан өз мақалаларына өз бетінше рецензия беруін, сондай-ақ келісімшарттық және жалған рецензия беруін талап ету. Бұл тәжірибе журналда рецензияның жоқтығын білдіреді;
  • Агенттік қызметтерді ұсыну. Авторларға «жариялымды толық дайындап беру», автордың атынан редакциямен хат алмасу, агенттің рецензенттің ұсынымдары бойынша мақалаларды пысықтауы, ақылы рецензиялар дайындау сияқты қызметтерді көрсету;
  • Бірлескен авторлықты сату, сыйлық серіктестік, авторлар құрамын өзгерту. Зерттеуге зияткерлік үлес қоспаған тұлғаларды авторлар қатарында көрсету авторлық құқықтар мен этика нормаларын бұзу болып табылады, өйткені оқырмандарды адастырып қана қоймай, алаяқтық ретінде қарастырылады;
  • Сырттай «ғылыми» конференциялардың материалдарын жариялау. Мұндай конференциялардың тәжірибесі ғылым саласындағы айла-амал мен алаяқтықпен тікелей байланысты болғандықтан, осы конференциялардың материалдарын жариялау жалған ғылыми мәтіндердің таралуына ықпал ететін әдепсіз әрекет деп саналады;
  • Мақалалардың мәтіндерін авторлармен келіспей басқа журналдарға беру. Автормен келісілмеген журналда мақаланы жариялау автордың мүдделерін бұзу болып табылады;
  • Авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға беру. Редакцияға жіберілген мақалалардың материалдарын рецензенттер мен редакция қызметкерлерінен басқа үшінші тұлғаларға беру авторлық құқықты және редакциялық процестердің құпиялылық қағидатын бұзу болып табылады;
  • Дәйексөзді манипуляциялау. Ғылыми метриялық индекстерді жасанды ұлғайту, өзін-өзі артық бағалау және достық дәйексөздер, релеванттық емес сілтемелер оқырмандарды адастырады және алаяқтық ретінде түсіндіріледі;
  • Плагиат, бұрмалау және ойдан шығару. Редакция өз басылымдарының беттерінде плагиат, бұрмаланған және ойдан шығарылған деректерді қамтитын жосықсыз ғылыми жарияланымдардың пайда болуына жол бермей, мақала мәтіндерімен адал жұмыс істейді.