PDF (Ру)

Кілтті сөздер

талдау
сараптамалық-талдамалық қызмет
сыртқы мемлекеттік аудит
Жоғары аудиторлық палата
туризм

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Шанайбаева, Ж., & Серикова, М. (2023). ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ОРГАНДАРЫНЫҢ САРАПТАМАЛЫҚ-ТАЛДАУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 59(2), 93–106. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-93-106

Аңдатпа

Мемлекеттік қаражатты және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сараптамалық-талдау қызметін дамыту және жетілдіру қажет.
Елдердің қаржылық менеджменті мен фискалдық жауапкершілігін жақсартуға, әсіресе, мемлекеттік қаржыны басқарудағы ашықтық пен есеп берушіліктің артуы ықпал етеді. Бюджеттік үдерісті күшейту үшін мемлекеттік қаржылық бақылау мен аудитті күшейту қажет.
Бұл тұрғыда сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сараптамалық-талдау қызметі ерекше маңызға ие және егжей-тегжейлі қарастыруды талап етеді. Қазақстанның ғылыми әдебиеттерінде сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сараптамалық-талдау қызметі жеткілікті түрде зерттелмегенін атап өткен жөн.
Сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу кезінде сараптамалық-аналитикалық процедураларды қолданудың практикалық аспектісін қарастырған жөн. Сонымен қатар, математикалық модельдерді қолдану арқылы сараптамалық-аналитикалық жұмыстарды жүргізу тәжірибесіне назар аударған жөн.
Бұл жұмыста туризм саласында мемлекеттік аудит жүргізу кезінде сараптамалық-аналитикалық процедураларды қолданудың практикалық аспектісі, сондай-ақ математикалық модельдерді пайдалана отырып сараптамалық-талдау жұмыстарын жүргізу тәжірибесі қарастырылған.
Зерттеудің нәтижесі болжау әдістерін қолданудағы шетелдік тәжірибені ескере отырып, сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сараптамалық-талдау қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болды.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-59-2-93-106
PDF (Ру)