PDF (Ру)

Кілтті сөздер

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО)
салықтық интеграция
салықтық үйлестіру
біріздендіру
салықтық әкімшілендіру
салық саясаты
салықтық реттеу

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Алисенов, А. (2023). ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТАҒЫ ЕҢБЕК КАДРЛАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 58(1), 88–93. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-88-93

Аңдатпа

Мақалада Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің салықтық интеграциясы мәселелері зерделенді. Зерттеудің мақсаты еңбек көші-қоны саласындағы интеграциялық процестердің тиімді дамуына кедергі келтіретін ЕАЭО-ға жұмыс күші қозғалысының ағымы саласындағы негізгі проблемаларды анықтау болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі ЕАЭО-ның бүкіл интеграциялық кеңістігіне бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ететін еңбек кадрларының ұтқырлығы саласындағы салықтық интеграцияның ғылыми базасын одан әрі әзірлеу қажеттілігіне байланысты. Еңбек көші-қоны саласындағы проблемалар, одақ ішінде жұмыс күшінің еркін ағынын қамтамасыз етуге кедергі келтіретін азаматтардың табыстарына салық салудың негізгі проблемалары айқындалды. Экономикалық одақтың интеграциялық дамуының салық саясатының негізгі бағыттары анықталды. ЕАЭО-да еңбек кадрларының ұтқырлығы саласындағы неғұрлым табысты салықтық интеграция мақсатында көші-қон заңнамасын, сондай-ақ салықтар жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары анықталды.

Кез келген интеграциялық бірлестікке қатысушы елдердің салық жүйелерін үйлестіру салық жүйесінің жалпы тәсілдері мен қағидаттарын келісуді, сондай – ақ салық салудың құқықтық нормалары мен қағидаттарын бірлесіп әзірлеуді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс күші ағынының еркіндігін қамтамасыз ететін кадр саясаты жөніндегі ұстанымдарды жақындастыру мәселелерінде көздейтін салық саясаты мәселелері бойынша ұстанымдарды жақындастыруды талап етеді. Салықтық интеграцияны құқықтық қамтамасыз ету оның барлық қатысушыларынан құқықтық реттеу нормаларының келісілуін талап етеді, бұл негізінен салықтар мен салық саясаты саласындағы құқықтық актілерді қабылдаудың синхрондылығында көрінеді. Бұл мәселелерді шешу үшін салықтық біріздендіру мәселелерінде ұлттықтан жоғары үйлестіру және өзара іс-қимыл қажет.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-58-1-88-93
PDF (Ру)