PDF (Ру)

Кілтті сөздер

жолаушылар тасымалы
субсидиялау
тариф
жол қатынасы
көлік

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Муканов, С. (2022). ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒЫНДАРЫН СУБСИДИЯЛАУҒА БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ АУДИТІ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 56(3), 6–13. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-56-3-6-13

Аңдатпа

  Мақалада тасымалдаушылардың шығынын субсидиялаудың теориясы мен тәжірибесі қарастырылған. Тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялаудың ағымдағы жай-күйіне талдау және бағалау жүргізілуде. Әлеуметтiк маңызы бар жолаушыларды тасымалдау бойынша жолаушыларды тасымалдауды субсидиялау тарифтерiн облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейтiн әлеуметтiк маңызы бар автомобиль қатынасы бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын субъектiлер үшiн жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы орган белгілеген жолаушыларды тасымалдау тарифі жолаушыларды тасымалдау тарифінен төмен болған жағдайда, бұл бағыт әлеуметтік маңызы бар санатқа жатады.

  Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін және тарифтердің қолжетімді деңгейін және халықтың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы еркін жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған тұрақты қозғалыстағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік маңызы бар тасымал деп танылады.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2022-56-3-6-13
PDF (Ру)